Алматыда жас жігіт танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Алматыда жалдамалы пәтерлердің бірінде 21 жастағы павлодарлық жігіт 19 жастағы танысын ақылы түрде төсек қатынасымен айналысуға мәжбүрлеген.

Сурет: direct-press.ru
Полицейлерге Төле би көшесінің біріндегі жалдамалы пәтерде бойжеткенді заңсыз күштеп ұстап отырғаны туралы ақпарат түскен.
«Тексеру нәтижесінде қылмыстың мән-жайы, сондай-ақ, ұсталған күдіктінің жеке басы анықталатын болады», – дейді Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек.
Жедел іздеуге кіріскен полицейлер Алматы облысы, Талғар қаласының тумасы 19 жастағы бойжеткенді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген жігітті ұстады.
Жәбірленушіден жауап алынып, онымен психолог мамандар жұмыс істейтін болады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"