Алматыда 21 жастағы жігіт ақылынан алжасқан анасымен бірге тоғайда тұрып жатыр

Жұма, 18 Тамыз , 2017 9:09

Алматыда 21 жастағы азамат анасымен бірге орманда тұрып жатыр! Отбасы осыдан 1 апта бұрын далада қалған. Үйдің жалғыз асыраушысы, 21 жастағы Әлімхан жұмысынан айырылып қалғандықтан, оның пәтер ақысын төлеуге ақшасы жоқ. Ал анасы жұмыс істеуге қауқарсыз, – деп хабарлайды КТК арнасы.

тогайда турп жаткан ана

Ұлының айтуынша, басынан жарақат алған әйел ақылынан алжасқан. Қазір олар көше кезіп жүр, ал үйдің кенжесін балалар үйіне тапсырған. Тек бүлдіршін анасына қайтып оралғысы келмейді екен.

Плитаның орнына от, қабырға орнына шифер. Ал целлофанды шатыр ретінде қолданады. Қолдан жасалған күрке міне, бір аптадан бері Танжановтар отбасын күн мен жауыннан құтқарып отыр. Себебі олардың барар жері, басар тауы жоқ. 21 жастағы Әлімханның айтуынша, олар жалдап тұрған пәтер иесі анасы екеуін қуып шыққан. Себебі Әлімханның оған берер ақшасы қалмапты. Тіпті, туған атасы мен әжесі де көмек көрсетуден бас тартқан, олар науқас қызынан түбегейлі бас тартып отыр.

«Ата-әжеме барып, анамды көрсеттім, жағдайды түсіндірдім. Олар болса: «Өзіміз әрең күн көріп отырмыз», – деді. Туған әкесі: «Маған оның қажеті жоқ», – деп кесіп айтыпты.

Ал өз әкесі Әлімханның есінде жоқ. 8 жыл бұрын інім Әлімжан дүниеге келгенде соңғы рет көрдім дейді жас жігіт. Ал 8 жасар бүлдіршін қазір балалар үйінде. Гүлмираның денсаулығы нашарлаған соң, оны балалар үйіне ағасы өз қолымен тапсырыпты.

Жігіттің айтуынша, бірнеше жыл бұрын базбіреулер оның анасын тонап, итеріп жіберген. Алған соққыдан әйел есінен алжасып қалған. Алайда ол сәт әйелдің есінде сақталмапты.

«Пәтерде тұрып жатқан едік. Дәретханаға барар жолда суықтан құлап түстім», – дейді Гүлмира Сабыржанова.

«Анама мән бермеңіздер», – дейді Әлімхан.

Алғашқыда аянышты болып көрінген оқиғаның ендігі сипаты басқа. Себебі Гүлмираның кіші ұлы мүлдем басқа жайттарды есіне алады.

8 жастағы Әлімжанның айтуынша, бұл отбасымен бірге тұру мүмкін емес. Анасы үнемі ішімдік ішкен, ішерге ас болмаған. Алайда бүлдіршіннің есінде қалған ең өкінішті жағдай – анасының табамен басынан ұрған сәті.

алимжан 8 жас 1808

«Тамақ алып кел деді, керегін жазып берді. Дүкенге барсам, қымбат екен. Мен тек тәтті кәмпит алдым, ал анам ашуланып, табамен ұрды. Анама барсам, ол мені ұрады, ал әкеме барсам, ол үнемі жалғаз тастап кетіп қалады, сондықтан осында қалғым келеді», – дейді Әлімжан Сарман.

Отбасылық типтегі балалар үйінде Әлімжан жаңа анасымен қауышты. Ал туған анасын бүлдіршін көзіне жас ала отырып еске алады, оған мүлдем қайтқысы келмейді. Жаңа үй мен жұмысты мұнда Әлімханға да ұсыныпты, алайда жігіт неге екені белгісіз бас тартқан.

«Бір жыл бұрын ол інісін көруге келген. Біз оған қал деп ұсыныс жасадық. Қаласаң осында тұр, жұмыс та жетеді, айлық төленеді. Әрі ініңмен бір жерде тұрасың дедік. Бізде құрылыс та жүріп жатыр, мал асыраймыз. Шаруашылықта да жұмыс бастан асады. Бірақ ол жұмысының көптігін айтып, кетіп қалды». – дейді «Перзент» балалар үйінің президенті Әмина Әжібаева.

Мұндағылар анасының есі қалыпқа келген жағдайда ғана Әлімжанды кері қайтаратындарын айтты. Алайда екі жыл өтсе де, әйелдің жағдайында еш өзгеріс жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда жүзден аса отбасы құлағалы тұрған апатты жатақханада тұрып жатыр

Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек

Елімізде енді 2 жастан асқан сәбилер де жұмысқа тұра алады

Алматыда “Дизи” сусынын қолдан жасап сатқан алаяқ ұсталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар