Алматыда 18 жастағы жігітті қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті
Алматыда Солтүстік айналма жолы тас жолының бойындағы жаяу жүргіншілер жолында жол апаты болды. Жігіт “Адем” сауда үйіне қарсы бетте жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өткен.

Осы сәтте белгісіз автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Зардап шегуші “жедел жәрдем” келгенше көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер. Қаза тапқан жігіт 18 жаста екені анықталды.
Оқиға орнында жол және криминальдық полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары сондай-ақ жол апаты болған жерді тастай қашқан жүргізушіні іздеуде.
Оқи отырыңыз:
Зардап шеккендер бар: Мәскеуде балалар сауда үйі өртке оранды (видео)
Оралда ит өз қожайынын тістелеп өлтірді (видео)
Қостанай облысында төбелесті тоқтатпақшы болған ер адам қайтыс болды
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"