Алматы университеттерінде екі студент туберкулездің ашық түріне шалдыққан

Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде екі студент туберкулездің ашық түріне шалдыққан. Ауру белгілері табылған екі студент ауруханаға жатқызылып, жатақханаларда зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондақ-ақ науқастармен қарым-қатынаста болған 50-ге жуық студенттер де тексеріліден өтті. Бұл туралы КТК хабарлады.

Еліміздегі беделді оқу орындарының бірі саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы уақытқа дейін туберкулездің ашық түрімен ауырып келген студент туралы жария қылмауға тырысуда. Алайда, медициналық тексеру барысында осы оқу орнының студентінен қауіпті аурудың белгілері табылды.

«Туберкулезге шалдыққан қыз жатақханада тұрады. Ол Оңтүстік Қазақстанның тумасы. Қыздың айтуынша, алғашында қатты жөтеліп, қақырық бөлінгеннен соң оған көңіл аудармай өздігінен емделген. Науқас жағдайы жақсармаса да дәрігерлерге жүгінбеген»,-дейді ҚазҰУ учаскелік дәрігері Жанна Жүнісова.

Ал туберкулездің ашық түріне шалдыққан екінші жағдай, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқитын студенттен анықталды. Осы жағдайлардан кейін екі университеттің жатақханаларында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ауруға шалдыққан студенттермен жақын қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы қайта тексеруден өтіп жатыр.

«Ауруға шалдыққан қыз бірден ауруханаға жатқызылып, қазір дәрігерлердің қатаң қадағалауында. Өз тарапымыздан университет студенттерімен ашық кеңес өткізіп, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда бірден дәрігерге жүгінуге кеңес бердік»,-дейді Жанна Жүнісова.

Мамандардың айтуынша, Алматыдағы университеттерде осы жағдай жылда қайталанып отырады екен. Санитарлық дәрігерлер мұның себебін аудиториялар мен жатақханаларда тазалықтың сақталмауында деп отыр. Енді дәрігерлер ауруға шалдыққан студенттер білім алатын жоғарғы оқу орындарының, сондай-ақ студенттер тексерілуден өткен медицина орталығының үстінен прокуратураға шағымданбақшы.

Жіберіп алмаңыз:

Денсаулық сақтау министрлігі: Бала туғанға дейін 7 еркекпен жақындасқан әйел бедеу болады

Дәрігерлер: Ыстықты түсіруге арналған ұнтақтар денсаулыққа зиян болуы мүмкін

Ақмола дәрігерлері өңеші, өкпесі мен бүйрегі кем болып туған сәбиді аман алып қалды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жетім қызға пәтер сыйлады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар