Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны: Малайзиялық күйеу балам мені ұрып-соғып, немерелерімді елден заңсыз алып кетті

Алматы тұрғыны осылай деп дабыл қағып отыр. Кейуананың қызынан туған балаларын көрмегеніне 4 ай болыпты.

Фото : YouTube
Жыларман күйге түскен оның бұл оқиғадан кейін бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Алайда, ешкімнен қайыр болмаған көрінеді, деп хабарлайды Евразия арнасы.

4 ай болды Жанай әженің жұбанашы осы. Қос құлынын сағынғанда ойышықтарын құшақтап мауқын басады. Бірі немересі Алинаның қуыршағы.

«Бастапқыда бәрі ертегідей еді», – дейді кейуана. Қызы тұрмысқа шығамын деді. Анасы рұқсатын берді. Тек көңілде күдік қалды. Өйткені, жігіт малазиялық азамат.

«Мен айтқанмын болмайды деп. Ол өте алыс дедім. Баланың жағдайын білмеймін ғой.Ол жерде бірдеңе болып қалса мен сені таба алмай қаламын қызым. Қызым айтты мен онымен жақсы тіл табыстым деп», – дейді Алматы тұрғыны Жанай.

 

Жастар бас қосқасын дүниеге екі бала келді. Немеренің үлкені – Алина үште. Кішісі – Әлібек екіде. Алайда, күйеу бала үлгілі әке, аяулы жар болмай шыққан көрінеді. Отбасында жанжал өршіп, айқай-шу көбейген. Ақыр соңы жастар ажырасып тынған. Ал, оларды сабырға шақырмақ болғанда малазиялық күйеу жігіт енесін тепкінің астына алып, қолына пышақ тығып алған көрінеді.

Бұл оқиғадан кейін Жанай әже аурухаға түскен. Осы сәтті ұтымды пайдаланған күйеу бала балаларды отанына Астана-Ташкент бағыты арқылы ұрлап әкеткен көрінеді. Зардап шегушінің адвокаты бұл оқиғаға қалай жол берілгеніне таң қалып отыр. Өйткені, оның қолында бүлдіршіндердің құжаты да болмаған.

«Алдын-ала құжаттар бойынша заң бұзушылық бар деп есептеймін. Неге десеңіз балаларды тұрақты жерге алып кету үшін шетелге шешесінен нотариалды түрде рұқсат алу керек», – дейді Жанайың адвокаты Нұржан Тәңірберген.

« Қазір Жанай ханымның қызы Әлия Қытайда. Ол Алматыдағы пәтердің ақысын өтеу үшін нәпақа тауып жүр. Балаларының жоғалғандығын да жуырда ғана естіпті».

«Оған айтқан жоқ едім. Бір күні фейсбуктен көріп қойыпты.Көріп қойып жүгіріп келді. Мама неге сен маған айтпайсың деп.Ол Малазияға шығып кетіпті ғой деп.Мен айттым. Қызым ол ұрлап кетті, мен ауырып қалғанда деп», – дейді тұрғын Жанай.

Жүрегі қан жұтып отырған кейуананың ендігі үміті жауапты органдарда. Ол немерелерін отанға оралтуын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау