Алматы тұрғындары автобустың аялдамаға қашан келетінін біле алатын болды
Алматыда жолаушылар қоғамдық көліктің қайда келе жатқанын смартфон арқылы онлайн режимде біліп отыратын болды. Енді бұл қосымша барлық смартфондарға қол жетімді болды. Бұл туралы “Оңай Pay” баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымның хабарлауынша, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін Алматы автобустарының қозғалысын онлайн режимде бақылап отыру функциясы іске қосылды.
“Оңай” қосымшасының “Бағдарлар” бөлімінде керекті бағдарды таңдап, қоғамдық көліктің аялдамаға қаншалықты жақын екенін білуге болады. Сонымен бірге, ең тиімді бағдарды анықтап, сол автобустың/троллейбустың қозғалысын бақылай аласыз.
“Oңай Pay” директоры Александр Зайкиннің айтуынша, қолданушы бағдардың бастапқы және соңғы нүктесін белгілесе, сервис сол параметрлерге сәйкес келетін қоғамдық көліктер мен жолға кететін уақыт мөлшерін ұсынады.
Тағы оқыңыз:
Ернар Айдар науқас жігітке сыйлық жасады (видео)
Балжан Бидаш “КешYou-дің қыздары бұзылған” деп сынағандарға жауап берді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"