Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы түрмесінде зорланған Слекишина сотта соңғы сөзін айтты

Тергеу қапасында қыз зорлаған офицер ақыры кінәсін мойындаған жоқ! Алматыдағы ЛА155/18 мекемесінде қорлық көрген Наталья Слекишинаның ісіне қатысты айыпталушы бүгін сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлады КТК арнасы.

слеш

37 жастағы түрме бақылаушысы зорлау, азаптау және қызметін асыра пайдалану деректері бойынша айыпталуда. Руслан Хакимов соңғы сөзінде әйелдің келісімімен жыныстық қатынасқа түскенін айтты. Ал өзінің лауазымын асыра пайдаланудан басқа кінәсі жоқ екен. Естеріңізге салсақ, Наталья Слекишина тергеу қапасында өзін 4 бірдей еркектің бірнеше қайтара зорлағанын мәлімдеген еді. Содан ол жүкті болып, қыз туған. Ал сәбидің әкесі Руслан Хакимов екенін сараптама көрсетіп берді. Қазір сотталып жатқан да сол. Қалған 3 азамат сотқа куәгер ретінде қатысты. Енді жәбірленуші тарап олардың да тиісті жазаға тартылуын талап етпекші. Ал Хакимовқа қатысты іске ертең нүкте қойылуы мүмкін. Айта кетсек, тергеу қапасының бұрынғы офицеріне прокурорлар 10 жыл мерзім сұраған болатын. Ал 8 жылға сотталған Слекишинаның өзі сотқа жазасын кейінге қалдыру туралы өтініш беріпті.

«Руслан Хакимов өзін кінәлі деп санаған жоқ. Сотта тек қана лауазымды пайдаланғаны үшін соттауды сұрады.  Слекишинаның айтқандарының  бәрі жалған, келісіммен болған деп айтты», – дейді адвокат Айман Омарова.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматы облысында зорланған 56 жастағы әйел ауруханадан шықты

Ақтауда зорланған қыздың туыстары қылмыскерге өлім жазасын беру тым жеңіл жаза деп есептейді

Тойға келген қазақстандық әйел өзін зорлаған еркекке пышақ ала жүгірді

10 жасар баланы зорлаған Петропавл тұрғыны тұтқындалды

Талқылау