Алматы соты Матаевты түрмеден босатудан бас тартты

Жаза жеңілдемейді. Алматы облысының апелляциялық сот алқасы Сейітқазы Матаевтың жазаны өзгерту туралы өтінішін ақыры қабылдаған жоқ, деп хабарлайды КТК.

Қаржылық қылмыс үшін сотталған Журналистер одағының экс-басшысы пайғамбар жасына келгенде айыбын түрмеде емес, үйінде өтеуді қалаған еді.

Адвокаты Мәдина Бакиеваның айтуынша, Матаевтың заң жүзінде шартты түрде жазасын өтеуге толықтай негізі бар. Келген шығынды қазір қайтара алмауы кедергі болмауы керек дейді ол.

Айта кетейік, 2016-шы жылы Астана соты салықтан жалтарып, алаяқтыққа барды деген айыппен Журналистер одағының бұрынғы төрағасының мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры болған ұлы Әсет Матаев та әкесінің артынан 5 жылға сотталды. Ал, 2017-ші жылдың сәуірінде Сейітқазы Матаевтың жазасын өтеу уақыты 2 жыл 8 айға қысқарғанын да еске салайын.

Тағы да оқыңыз:

Блогер Алматы облысында адамдардың басы биттеп жатқанын айтып дабыл қақты

Атақты емші-экстрасенс көз жұмды

Маңғыстау облысында келіндер сайысы өтті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар