Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясының 457 қызметкері жұмыстан шығарылды

Алматыда полицейлер қатары қараң іріктеліп жатыр. Қазірдің өзінде 400-ден астам полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Ең алдымен қызметін емес, ақшаны жақсы көретіндер қызметінен қуылды. Бүгінде қоғамдық кеңес тағы да кәсіби мамандардың жетіспеушілігі мен құқық қорғау жүйесіндегі барлық  өзгерістерді талқылады, деп жазады Stan.kz  КТК арнасына сілтеп.

Алматы полициясының 457 қызметкері жұмыстан шығарылды

Президент әкімшілігінің өкілі ішкі істер министрлігінің жаңғыртуды қалай өткізетіні және елдің қылмыспен қалай күресетіні жайлы айтып берді. Халық алдында Алматы қаласының әкімі, сондай-ақ прокурор және қалалық ішкі істер департаментінің басшысы сөз сөйледі.

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратындағы жиналыс залы лық толы болды. Кездесуге қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Серік Күдабаев та қатысты. Генерал-майор полиция қатарындағы тәртіпті қалай реттеп жатқандығы туралы баяндамасын бастады.

«Қазірдің өзінде 457 қызметкер жұмыстан шығарылды және 1100 полицей жазаланды. Сондай-ақ, 2008-2014 жылдары бізде Алматы облысының екі аумағы біріккен болатын. Әрине, біздің қызметкерлерімізде реттелмейтін жүктемелер бар. Бірақ соған қарамастан біз өзіміздің функционалдық міндеттерімізді орындайтын боламыз»,-деді Алматы қаласы ІІД басшысы Серік Күдебаев.

Қалалық полиция басшысы көптеген қызметкердің жұмыстан қуылғанынн айтса, прокуратура керісінше мамандардың жетіспеушілігіне наразылық білдірді. Оның сөзінше, азаматтарды қорғау үшін кемінде 500 маман қажет.

«Бүгінгі күні біз жоғары айналым мен кадрлардың жетіспеушілігін көріп отырмыз. Мысалы, тергеушілер мен анықтаушылардың 80 пайызының жұмыс өтілі 3-5 жыл ғана. ІІД-не 400-ден астам, оның ішінде жергілікті полиция қызметіне 100-ден астам қызметкер жетіспейді»,-дейді Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев.

Кездесудің маңызды аспектісі полицияның арнайы техникамен жабдықтау мәселесі болды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ол үшін бюджеттен 31 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Сондай-ақ, әр қызметкерге бейнетіркеуіш берілді.

«Арнайы техникамен жабдықтау үшін шамамен 31 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Осылайша, полицияның жабдықтары 90 пайызға дейін жетті. Бұл елдегі қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі. Бұған дейін ол көрсеткіш 64 болатын. Яғни, 64 пайыз – бұл 10 полицейдің төртеуінде байланыс құралдары мен көлік және басқа да қажетті заттар болмаған»,-деп түсіндірді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Ал, ішкі істер министрлігінің түбегейлі реформасы туралы президент әкімшілігінің өкілі Алексей Калайчиди айтып өтті. Ең алдымен, бұл тәртіп сақшыларын оқытуға қатысты. Олар эмтихан тапсырғаннан кейін алты айлық сынақ мерзімінен өтеді. Содан кейін барып аттестация тапрады. Бірақ, жаңа жүйе үш жылдан кейін енгізілетін болады.

«Құқық қорғау және сот жүйесін жаңғырту үшін үш жұмыс тобы құрылды. Атап айтқанда, кадрларды іріктеу, оңтайландыру, аттестаттау мәселелері. Бүгінде бакалаврды 4 жыл оқыса, біздің схемаға сәйкес оған үш-бес айда дайындалуға болады. Нәтижесінде біз мамандарды даярлауды шамамен 5-8 есеге жеделдетеміз»,-дейді президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау