Алматы полициясы жоғалып кеткен 17 жастағы қызды іздестіріп жатыр
Алматы полициясы 17 жастағы Милана Изукаеваны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.
Сурет: facebook.com/dvdao
Таратылған мәліметке сәйкес,Талғар ауданынның Қайнар ауылында тұратын кәмелет жасқа толмаған қыз 2018 жылдың 25 сәуірінде үйінен шығып кеткеннен кейін қайтып оралмаған.
Қыздың белгілері: бойы 165-170 сантиметр, орташа денелі, шашы ұзын әрі қара түсті. Ерекше белгілері жоқ.
«Құрметті азматтар, із-түзсіз жоғалып кеткен Милана Изукаева туралы қандай да бір мәлімет білсеңіздер, Талғар аудандық полициясына хабарласуларыңызды сұраймыз. Телефон нөмірлері: 8 727 2956105, 295 63 96, ұялы телефон нөмірі 8 702 731 95 38. Сонымен қатар 102 телефон нөмірі бойынша жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласуларыңызға болады», – делінеді мәлімдемеде.
Оқи отырыңыз:
Байзақова өзі сияқты «ақымақтарды қамшымен ұру керек» деп үндеу тастағандарға жауап берді
Қостанайлық әйел танысының басынан 6 рет балтамен ұрып өлтірді
Қостанай тұрғыны жолдасын өлтірдім деп ойлап тірідей көміп тастаған
Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен намазхан баланы зорлап тастаған

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
