Алматы полициясы танымал кәсіпкер Лилия Рахтың неліктен тұтқындалғанын ресми хабарлады

Сәрсенбі, 24 Тамыз , 2016 13:53

Белгілі кәсіпкер әйел Лилия Рахтың қандай қылмысқа қатысы барын Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі ресми хабарлады.

image-86

Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 2016 жылдың 9 шілдесінде Алматы қалалық полициясына 33 жастағы Өзбекстан азаматының із-түссіз жоғалып кеткенін айтып, Н. есімді азаматша хабарласқан.

Жедел-іздестіру шараларының арқасында У. есімді азаматты әлдекімдердің ұрлап әкетіп, жалдамалы пәтерлердің бірінде күшпен ұстап отырғаны анықталады. Мұқият жүргізілген зерттеу барысында полиция аталған пәтердің орналасқан жерін де айқындайды. Нәтижесінде ұрланған азамат аман-есен босатылған.

Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ІІД төрт адамды ұстады. Олардың ішінде азаматша Лилия Рах та бар.

ҚР ҚК 125 бабы (адам ұрлау) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу кезінде күдікке ілініп ұсталған адамдар тұтқында болады.

Бұған дейін Лилия Рахты тәртіп сақшыларының тұтқынға алғаны жарияланған болатын. Сондай-ақ сән әлемінің беделді өкілі туралы арнайы деректі материал да жарық көрген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар