Алматы облысында анасы шашындағы битті кетіремін деп қызын өлтіріп алды
Алматы облысы Талғар ауданынының Туғанбай ауылында анасы 2 жасар қызының басындағы битті терем деп қайғылы жағдайға топ болды, деп жазады Қазақпарат.

Анасы екі қызының басындағы битті кетіру үшін «Неоцидол» қолданған. Оны суға ерітіп, қыздарының шашына жағады. Бұл дәрі кіші қызына қатты әсер етіп, жүрегін айнытады. Қызы құсып, әлсіреп, аузынан көбік аға бастайды. Анасы ауылдық емханаға апарған. Бірақ емханаға жеткенше қызы өліп кеткен.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2013 жылғы үлкен қызының жағдайы жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен шығарылды. Қазір ем қабылдау үстінде.
«Неоцидол» дәрісін әдетте малдағы кене, биттерді өлтіру үшін қолданылатыны айталыды.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық әйелдің баласының басына бит өсіріп сататыны жайлы хабарлаған едік.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады