Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары қиыршық тастары бар сумен оразаларын ашып жүр

Оразада ауыз ашқанға бір тамшы су таба алмай отырмыз. Алматыдағы 71-разьезд ауылының тұрғындары осылай деп ашынып отыр. Жұрттың тіршілік нәрінен тарығып отырғанына биыл үшінші жыл болған.

Алматы облысының тұрғындары қиыршық тастары бар сумен оразаларын ашып жүр

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Суға қарық қыламыз деген жеке компанияның ісі сиырқұйымшақтанып кетіпті. Ал, ол кәсіпкерге жұрттың әрқайсысы орта есеппен 200 мың теңгеден жинап берген екен. Жергілікті биліктен де қайыр жоқ. Мәселемізді тыңдамақ түгілі,  әкімнің түрін де көрмегенбіз, дейді жұрт.

Қасиетті Рамазан айында 71-разьезд тұрғындары оразаларын немен ашарларын білмей дал. Амалдың жоқтығынан мүмкіндігі барлар ұңғыма орнатып алған. Алайда, одан шығатын су лас. Яғни, ішуге жарамсыз. Амал жоқ, тұрғындар қиыршық тастары бар сумен оразаларын ашып жүр. Тіршілік нәрінен тарығып жүрген тұрғындар бұл жағдайға екі адамды кінәлайды.

“Мысалы суды қосқан кісілерге «Ермек су керек» деп қоңырау шалады. Анау Ермек ақша десең шауып келеді.Сосын қанша екенін сұрайды. Қазір су бағасы 250 мың болды. Соның ақшасын санап алады. Болды. Ол ана халық 100 теңгеден кубына төлеп жатқан ақшаға келмейді. Өзіміз апарып береміз” – дейді 71-ші разъезд ауылының тұрғыны Ербол.

Ауыл тұрғындары бұл мәселені көтеріп Алатау ауданының әкімдігіне де  барған. Тым болмаса жергілікті билік сумен қамтамасыз етсе екен деген үмітпен. Алайда..

«Қатырамыз дегеніне міне екі жыл болды. Қағазды алып бардың 2016 жылы.Ол кезде Мансұровтың кезі» – дейді 71-ші разъезд ауылының тұрғыны Күмісай.

Жұрттың айтуынша, олар жергілікті билікке барып базыналарын айтпақ түгілі, осы күнге дейін әкімдерінің түрін де көрмеген.

Тұрғындар әкімнің өзімен тілдесе алмаса да, осы салаға тікелей жауапты маманға ешкімге де тілемейтін жағдайларын жыларман болып түсіндірді.  Мұқият тыңдаған болған шенеунік, мәселе жуырда шешіледі деп сендірді. Ол үшін осы ауыл қарайтын  “Рахат” ақшам ауданына 300 млн теңге бөлініп, мердігер компания да белгіленіпті.

“Қазіргі таңда жобалық сметалардың бәрі дайын болды. Қазіргі таңда сіздерге ақша бөлініп,  СМР-ға ақша бөлінеді. Алла бұйыртса, сізге жазда тиісті жұмыстар жүргізіледі” – дейді Алатау ауданы әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әділет Тоқтасынов.

Әкімдік өкілінің сөзіне сенсек, бұл 71-разьезд тұрғындарының судан таршылық көрген соңғы жылы.Айтпақшы, ауылға су тартып беремін деген жеке кәсіпкердің де жұмысы назардан тыс қалмады. Ол 3 аптаның ішінде тұрғындардан жинаған ақшаға ауылдағы 2-ші ұңғыманы қосып беретін болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау