Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты
Алматы облысындағы трассада екі жеңіл көлік соқтығысқан. Жол апатынан сегіз адам мерт болып, бір бала тірі қалды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданында 23 наурыздан 24 наурызға қараған түні Алматы — Көкпек — Көктал трассасының бойында болды. Қазақстан ауылының маңында Nissan Primera мен Toyota Vista көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан 8 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі 2015 және 2017 жылы туған балалар. Тірі қалған сегіз жасар бала ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалды.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда мас көлік жуушы қызметкер біреудің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті
ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкері Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапты
Ақтауда қоғамдық дәретхана опырылып балалар астында қала жаздады (видео)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі