Алматы облысындағы 14 жастағы баланың өлімі: Бас санитарлық дәрігер түсінік берді
ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы облысында аурухана көз жұмған баланың өліміне қатысты пікір білдірді.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, негізгі қорытынды сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Бұған дейін жеткіншек жеген гамбургерден қауіпті емес стафилакокк анықталған еді.
“Жеткіншектің сауда орталығынан сатып алған гамбургері ішінен аса қауіпті емес ішек таяқшасы шықты. Сауда павильоны мен иесінің кім екені анықталды. Гамбургер жасаушы адамды таптық. Бірақ жеткіншек басқа аурумен ауырған. Оның ағзасынан жұқпалы ауру қоздырғаш ешнәрсе табылған жоқ”, – дейді бас санитарлық дәрігер.
Бекшиннің айтуынша, гамбургерден және марқұмның үйінен шартты патогендік флора, қарапайым ішек таяқшасы анықталды. Ол аса қауіпті емес.
Гамбургер өндірушілерге айыппұл салынып, жұмысы тоқтатылған. Ал, жеткіншек өлімінің себебі сараптама нәтижесінен соң анықталады.
Айта кетейік, Алматы облысында аурухана түске 14 жастағы жеткіншектің жағдайы күрт нашарлап, көз жұмған еді. Оның өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.