Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыз өлі күйінде табылды

Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі күйінде табылды. Бұл туралы ішкі істер департаменті хабарлады.

photo_186430

Сурет әлеуметтік желіден алынды

5 жастағы Хуршидам Жапарова 4 маусым күні 11.00-де Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават ауылында жоғалған. Көршілерінің айтуынша қыздың денесін жергілікті тұрғындар мен полицейлер 6 маусым күні түнгі 01.00 шамасында өз үйіне жақын маңнан тапқан.

Қазіргі таңда қыздың денесі сот-медициналық сараптамасын жасатуға жіберілді. Әзірге оның денесінен еш жарақат табылмаған.

Талқылау