Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жігітіне қашып кеткен қыз ата-анасына қайтарылды

Алматы облысында бір апта бойы іздестірілген қыз табылды. 17 жастағы қыз сүйіктісіне қашып кеткен. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

Алматы облысының полицейлері жаңа жылдық мерекеден кейін үйінен шығып кеткен 17 жастағы қызға іздеу салды.

«Қаратал ауданының полицейлеріне Үштөбе қаласының 38 жастағы тұрғыны шағымданды. Оның айтуынша, 1 қаңтар күні кәмелеттік жасқа толмаған қызы үйден шығып кетіп, оралмаған. Өз беттерінше іздеу жұмыстарын жүргізген, бірақ нәтиже бермепті», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Жоғалған қыз Алматы қаласындағы жігіті тұратын үйден табылды. Қыздың сүйіктісі де Үштөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Іздестіру барысында олардың қайда тұратыны анықталды.

“Қазір кәмелеттік жасқа толмаған студент қыз ата-анасымен бірге. Қыз есепке қойылды. Полицейлер оған түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз:

The Economist: Назарбаев 2018 жылы президенттіктен кетуі мүмкін

Мамин ұлттық компания директорлар кеңесіндегі Досаевтың орнына ауысты

Вице-министр көкөніс бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

Теңге бағамы нығайып келеді

Талқылау