Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы облысындағы Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты және тоғыз адам зардап шекті.

1631363

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Audi мен Mercedes Sprinter Еңбекшіқазақ ауданы арқылы өтетін автожол учаскесінде соқтығысқан. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, тағы тоғыз адам әр түрлі жарақат алып, Есік қаласының ауруханасына жеткізілді.

Полиция берген мәліметке сүйенсек, көлік апатында Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласы тұрғындары зардап шеккен. Қазіргі уақытта жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Апатқа айыпты адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған қоса белгі бір лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынып немесе белігілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейін айырылуы ықтимал.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау