Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында зейнеткер ұлын бізбен түйреп өлтірген

Алматы облысының Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында 39 жастағы ер адамның өлі денесі табылды.

Сапожный крючок

Сурет: www.konstantinn.com.ua 

Бұл туралы аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ер адамның өліміне 67 жастағы әкесі күдіктеліп отыр.

«Күдікті бастапқыда бұл қылмысқа өзінің қатысы жоғын айтып, ұлының көшедегі төбелестен жарақат алғанын айтқан. Сараптама нәтижесінде ер адамның жүрегіне аяқ киім тігетін біз тығып өлтірілгені анықталған.
Осыған сәйкес, ер адам денесі табылған жерде, яғни үйде өлтірілгені белгілі болды», – делінген хабарламада.

Кейіннен әкесі өз әрекетін мойындаған. Ол мұндай іске баруына ұлының мас күйінде келіп жанжал шығаратыны, ата-анасына қол жұмсайтыны себеп болғанын айтқан.

Ұсталған азаматқа қатысты тергеу жұмыстары бұлтартпау шарасымен уақытша Ескелді аудандық ішкі істер бөлімінде.

Талқылау