Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушылар адам шошырлық жағдайдағы мектепте білім алуда

Алматы облысында 500-ден аса оқушы өздері оқитын мектепте бүрсең қағып жүр. Қара суық сыныпта балалар қабат-қабат киіммен отырады. Сыздан қабырғалары да көгеріп, қолқаны қабатын иіс пайда болған. Ал, спорт залы тіпті 3 жылдан бері апатты жағдайда тұр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

ымым

Талғардағы Мұхтар Әуезовтің аты берілген мектептің білім ошағы деген аты ғана. Әйтпесе, ата-аналар оны үлкен тоңазтқышқа теңейді. Іші даладан да суық. Қыс басталса, оқушылардың мектеп формасы қалың күртеше мен бас киімге ауысады. Соның өзінде балалар екі күннің бірінде ауыратын болған.

“Бір апта сабаққа келеміз. Бір ай ауырамыз. Айтамыз, ештеңе шешілмейді”, – дейді Талғар қаласының тұрғыны Динара Сабазова.

Бұған дейін оқушылар тоқпен жылытатын пешке ғана қарап отыратын. Оны да ата-аналардың өздері сатып алған.

Ал, дене шынықтыру сабағы болатын спортзалдың едені опырылып түскен. Мектеп басшылығы оны ескі парталармен қоршап қойыпты. Ата-аналардың айтуынша, спортзалдың осындай апатты жағдайда тұрғанына 3 жыл болған.

Ең қауіптісі сол, ер балалар осында асыр салып ойнайды. Ал, қыздар жағы дене шынықтыру сабағын атымен ұмытқан. Сондықтан, 45 минутты қабырғасы көгерген кабинеттерде өткізеді.

Безымянный

Негізі, мұнда 3 жыл бұрын күрделі жөндеу жасалған екен. Бірақ, мектептің қазіргі жағдайына қарап, олай деуге аузың бармайды. Себебі, тіпті дені дұрыс дәретхана да жоқ. Ал, мектеп басшылығы саусақпен санасаң бітпейтін кемшіліктің бәрін жақында ретке келтіреміз деп отыр.

“Негізі пеш бар күшімен жұмыс істеп тұр. Келесі жылы май айында газға қосылсақ, жылу жүйесі қалпына келеді”, – дейді №5 мектеп директоры Назым Сапақова.

Апатты спортзалды да мамырда жөндейміз деп сендірді директор. Тек мұндай уәдеге ата-аналар әбден тойған. Сондықтан, жергілікті басшылардан тезірек шара қолдануды талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Талқылау