Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауда адасып қалған 7 жасар бала жоғалып кеткен күні қайтыс болған

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен 7 жасар Ернұр Сәдуақасов жоғалып кеткен түні қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысында тауда адасып қалған 7 жасар бала жоғалып кеткен күні қайтыс болған

Медициналық сарапшылар қорытындысы бойынша, баланың жоғалып кеткен күні түнде қайтыс болғаны анықталды.

«Сол күндері ол жоғалып кеткен жерде қатты жаңбыр жауып, түнде ауа температурасы төмендеген. Ол шілденің 14-інен 15-іне ауған түні қайтыс болған.

Ол жерде адамдар бірнеше рет жүріп өткен. Алайда онда итмұрын ағаштары қалың боп өсетіндіктен, баланы бірден табу мүмкін болмады. Жүру қиын еді. Мысалы, бала жүретін жерден екі метр қашықтықта жатса, оны табу қиын болар еді. Себебі ештеңе көрінбейді. Десе де ауыл маңындағы жердің әр шаршы метріне дейін шолып шыққан», – дейді Алматы облыстық ІІД-нің ресми өкілі Сергей Незнаев.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында 7 жасар бала 14 шілдеде кешкі сағат 20:30-да Ынтымақ аулының оңтүстік жағында жоғалып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау