Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицейдің туыстары ұлының адам қолынан қаза тапқанын айтып наразы

Алматы облысында қайтыс болған полиция қызметкерінің туыстары ұлдарының өліміне кімді кінәлап отыр?

ф

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бір емес, екі мәрте жер қойнына тапсырылған жігіттің қазасын тексеруге марқұмның  әріптестері неге құлықсыз? Жұмбақ өлімдер неге жиілеп кетті?

Усановтар отбасының үлкені – Әлім ақсақалдың жанынан артық жақсы көретін немересі Бауыржанынан қапыда көз жазып қалғанына 11 ай болған. Ақсақал немересінің өліміне қатысты қылмыстық істің осыншама уақыт созбалаңға салынып жатқанына қапалы. Тіпті, істің дұрыс жүруі үшін, ұлдарының  мәйітін қайта қазып алып, екінші мәрте жерлеуге де еркімізден тыс көнсек те, полиция істі сотқа жеткізбей жатыр дейді.

“Қайта жерлегенде, шала өлдік қой. Осы жерде төрт күн жаттық домалап, тұра алмай. Мазақ қылғандай, баламызды қайта көміп, қайта алып, экспертиза жасатқаннан кейін де сот болмай жатыр ғой. 11 ай болды. Не деген сұмдық?”, – дейді  Бауыржанның атасы Әлім Усанов.

Усановтар отбасының үйіне біз қарашаның  8 күні барғанбыз. Тірі болғанда дәл осы күні Алматыдағы мамандандырылған күзет полициясының қызметкері Бауыржан Болатұлы 22 жасқа толатын еді. Бірақ ауылына еңбек демалысына барып, қапыда қаза тапқан ұлдарына жақындары бұл күні құран бағыштап, құдайы тамақ берді.

“Поляның ортасынан тағы бір қан көрдім. Баламды танимын ғой, етігінің ізінен таныдым”, – дейді ол.

Бауыржанның әкесі Болат Усановтың айтуынша, ұлының өлі денесін осы жылдың 24 қаңтары күні  Жайсаң ауылының жанындағы өзеннің маңынан тауып алған. Бір күн бұрын кешкісін Бауыржанды оның  мектептен бергі досы Айдос есімді азамат телефонына хабарласып,  шақырып кездескен екен. Марқұмның жақындары содан кейін ұлдарын көрмепті.

Алайда, марқұмның ауылдастары, кейін Бауыржанның денесі табылған жерде Жайсаң және Ақсеңгір ауылының жастары арасында  төбелес болғанын айтыпты. Сол ақпараттың негізінде ұлының өлі денесін өзі іздеп тапқан Болат Усанов, бірден шағымын қабылдамаған полицияның, Жамбыл аудандық  сот сараптамасын тағайындау мекемесінің істі бұрмалауға көшкенін айтады.

“Таңертең денесін алуға барсақ, арақ ішіп, суға түсіп, қатып өліп қалған. Оған сенбей, Талдықорғанның экспертизасына бардық. Олардың экспертизасы шықты. Ешқандай арақ ішпеген, бір бутылкадай пивоның дозасы бар. Әбден тепкілеген бұл баланы”, – дейді Усанов.

Тіпті, сол күні ұлын соңғы рет көрген Бауыржанның досы – Айдос Мұсаханов та ішкі істер қызметкерлері тарапынан сұрауға алынбады дейді. Ал, Алматы сот медициналық орталығының Жамбыл аудандық бөлімшесіндегілер марқұмның денесіндегі көгерген іздерді жасыруға тырысқан. Болат Усанов, тіпті сарапшы өздерінің “Бауыржанды үсіп өлді деген” қорытындыларын растау үшін, мәйіттен алынған ұлының асқазанының бір бөлігін жоғалтып жіберді деп отыр.

“Мен, міне, шаң жуытпай, қағып, сілкіп ешкімге ұстатпаймын мен. Ана жақта бас киімдері де тұр. Осы күйінде ілініп тұр”, – дейді Бауыржанның анасы Гүлмира Усанова.

Ал, Бауыржанның ұлының қызметтік киімін көзінің қарашығындай сақтап, кішкене күнінен полиция болуды армандап, сол қызметке кірген баласының әріптестеріне қапалы.

“Мынау өздерінікі сияқты мынау да қызыл погон ғой мынау. Соны сыйламай отыр ғой. Адамдарын іздемей отыр. Жұмыс орны да, РОВД-да ешқайсысы іздемей отыр”, – дейді ол.

Ал, әкесі Андрей Саниковтың мәйітін алып кетуге келген  Максим Саников,  Талғар ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ем қабылдаған оған  күтім болмағанын айтады.

Алина Саникова, енді Талғар ауданындағы психоневрологиялық орталығы мамандарының үстінен аудандық прокуратураға шағымданбақ.

“Жоқ, бізде науқасты  қалдыра алмаймыз деді олар. Алып кетіңіздер, оның үстіне, бізге адам өлімі керек емес дейді. Біз алып кеттік үйге. Денесінің қызуы – 40-градусқа көтеріліп кеткен. Соны түсірдім де үйге алып кеттік. Ертесінде мына ауруханаға жансақтау бөліміне әкеліп, жатқыздық”, – дейді АлинаСаникова.

Ал, Алматыдағы Наурызбай аудандық ІІБ қызметкерлері ұлымның қазасына қатысты тергеу жұмыстарын сылбыр жүргізіп жатыр деп шағымданған Серік Сейдеғалиев та,  ұлы Нұрболдың өліміне жауаптылар қамауға алынбады дейді. Алматы іргесіндегі саяжайлардың бірінен өлі денесі табылған баласына іздеу салынған кезден бастап-ақ полиция шұғыл қимылдағанда, балам аман қалатын еді дейді.

“Қастандық жасаған адамдар бір жерде отырып, жәбір көрсетіп барып, өлтірген деп ойлаймын. Полиция уақытында іздегенде, ол бала табылатын еді”, – дейді Нұрболдың әкесі серік Сейдеғалиев.

“Полиция қызметкерлерінің іздемей, ешқандай жұмыс жасамағаны үшін, қазір біз өлігін тауып, жерлеп, қанша шағымдансақ та, ешқандай нәтиже болмай жатыр”, – дейді Нұрболдың әпкесі ұргүл Сейдеғалиева.

Еш нәтиже көре алмай отырған екі отбасы соңғы үмітін ақпарат құралдарына артып отыр. Қос әкенің мұңы ортақ – “Ұлың ер жеткен шағында, енді қызығын көремін деп отырған уағында, әлдекімдер келіп балаңды өлтіріп кетеді. Полиция болса, кім өлтіргенін анықтамақ түгілі, өзіміз жиып берген айғақтарға да мән бермей отыр. Тіпті, мәйітінің бір бөлігін жоғалта салады” – дейді қос мұңлық.

Жайсаңдық жігіттің жақындары, ұлдарының өз өлімімен емес, адам қолынан қаза тапқанын анық біледі. Бірақ өлім себебіне қатысты Бауыржанның денесінде  жарақаты бола тұра, біресе үсіп өлдіге балап, біресе – араққа уланған деп жалған қорытынды шығаруға тырысқан Жамбыл аудандық сот сараптама бөлімінің мамандары жауапқа тартылсын деп отыр. Ал, өлі денесі даладан табылған Нұрбол Сейдеғалиевтің жақындары қылмыстық іс сотқа жетпек түгілі, күдіктілер сұрауға алынбай жатыр деп ашулы. Ал полициядан бұл істерге қатысты еш жауап ала алмадық…

Талқылау