Алматы облысында оқушының ата-анасы мұғалімді ұрып тастады
Оқиға Алматы облысы Боралдай кентіндегі Кенен Әзірбаев атындағы №15 мектепте болды.

6-сынып оқушысы ата-анасына өзін мұғалімнің ұрғанын айтып барады. Бұл істің мән-жайын анықтамаған анасы мен әпкесі мектепке барып, мұғалімді сабап тастайды. Қазір мұғалім емханада жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, мұғалім бас ми жарақатын алған. Мұғалім мен ата-анаға араша түспек болған тағы бір мұғалім де жарақат алған. Оның қолы жарақаттанған.
Оқушының ата-анасы пікір беруден бас тартты. Мектептің орынбасары Арман Сүлейменов пен өзге мұғалімдер тәжірибелі маманның қол көтеруі мүмкін емес екенін айтты.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"