Алматы облысында оқушыны сыныптастары ұрып өлтірген

Бейсенбі, 19 Қараша , 2015 8:13

Алматы облысында 9-шы сынып оқушысы төбелес кезінде қаза тапты. Талғарлық Шахзат Махаметовті жоғары сынып оқушылары ұрып өлтірген, – деп хабарлайды КТК арнасы.

шахзат 2

Оқиға түс кезінде болған. Сабақтан шыққан оқушылар Шахзатты қалың қамыстың арасына ертіп әкеліпті. Мәселе сөзбен шешілмеген болуы керек, ол осы арадан тірі қайтпай қалған.

Шахзат Махаметов №2 мектепке биыл ғана ауысып келген екен. Осыған дейін өзге балалармен арада қандай да бір кикілжің болмаған көрінеді. Оқуда да үлгерімі жақсы болыпты.

Алайда 15 жасар баланың қазасы бүкіл қаланы дүрліктірді. Шахзатты 12 оқушы өз тәртібіне көндірмек болып, жабылып ұрған дейді қара жамылған ата-ана.

Жергілікті билік өкілдері болса, өзгеше мәлімет таратып әлек. Айтуларынша, өзара келісе алмаған екі бала ақыры төбелесіп, арты қайғылы жағдаймен аяқталған.

«Смотрящий» деген түрменің заңы. Сұмдық қой. Бір балаға 12 бала жабылды деген сұмдық қой ол. Біреу ұрды деп ешқашан арыз айтпаған бала”, – дейді  Шахзат Махаметовтің туыс ағасы Нұрлан Сабыров.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар