Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушы адам өлтірді деген күдікке ілінді

Алматы облысында полиция кәмелет жасқа толмаған оқушыға қатысты қылмыстық тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Сурет: Zakon.kz

Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыстық департамент мәліметі бойынша, 21 қараша күні Талғарда 16 жастағы колледж студенті бірнеше жерінен пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта студенттің жағдайы ауыр.

Анықталғандай, жеткіншек қалалық автовокзал маңында белгісіз жігітпен төбелесіп қалып, бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған.

«Талғар Аудандық ішкі істер басқармасы 2 тәулік ішінде күдіктінің тұлғасын анықтады. Бұл орайда Райымбек ауданындағы жалпы білім беретін мектептің 17 жастағы жоғары сынып оқушысы күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті оқушы ұсталып, аудандық полиция бөлімінде қамауда отыр», – деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Күдікті оқушыдан алынған қалта пышағы заттық айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылған. Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары Талғар АІІБ-на тапсырылды.

Оқи отырыңыз:

Егіз ұлдарын азаптап өлтірген ата-ана сотта оқиғаның қалай болғанын айтты

Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды

Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Талқылау