Алматы облысында мектеп оқушыларына тиіскен ауыл мұғалімі педофил ретінде күдіктелуде
Алматы облысының Ұйғыр ауданында полицейлер жоғарғы сынып оқушыларына тиіскен ауыл мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы беймәлім біреу полицейлерге хабарласқан.
Бұл туралы Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Мәліметтерге сүйенсек, жоғарғы сыныпта оқитын қыздарға тиіскен деген айыппен Ұйғыр ауданының тұрғыны, жергілікті мектептің мұғалімі күдіктеліп отыр.
Балалар ісі бойынша 150 нөміріне беймәлім біреу хабарласып, ұялы телефонға түсірілген 4 оқушы қыз туралы видео жайлы айтады. Полицейлер осыған қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қылмыстық іс Ұйғыр аудандық ішкі істер бөлімінде. Полицейле қазіргі уақытта күдікті азаматтан сұрақ алып жатыр.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"
