Алматы облысында мектеп ішінен дүкен ашқан кәсіпкер ұстаздардың мазасын алуда

Жұма, 21 Сәуір , 2017 21:42

Білім ошағы базарға айналған. Алматы облысында ауыл мектебінің ұстаздары осылай деп шу шығарды. Білім ұясынан дүкен ашып, сауданы қыздырған кәсіпкерді 50 мұғалім соттасып жеңе алмай жүр,-деп жазды КТК арнасы.

сауда

Тіпті директоры шағымын облыс әкімінің өзіне де жеткізген. Алайда, аудандағы басшылар кәсіпкердің сөзін сөйлейді екен. Ал дүкен иесі болса, соңғы кезде мектептің ішкі жұмысына да араласа бастады дейді ұстаздар.

Жүнісбай Қайыпов атындағы орта мектептің сауда-саттық орталығына айналғанына екі жылға жуықтаған. Дәл кіре берістегі мына дүңгіршекте кеңсе тауралары мен басқа да тұрмысқа қажетті заттар сатылады. Алайда Зәмзәгүл Мамырбаева ол үшін мектепке көк тиын да төлемейді дейді директор. Керісінше кәсіпкер электр жарығы, су, күзетші секілді қызметтерді тегін пайдаланады екен.

Ұстаздардың қытығына тигені кәсіпкердің мұғалімдер арасындағы жағдайларға араласуы. Яғни кәсіпкер соңғы уақытта сауданы қойып, мектептің ішкі ісіне араласа бастады дейді мұғалімдер

«Сабаққа есікті теуіп кіру деген сұмдық қой. Ешкімнің қақы жоқ оған»,-дейді қазақ тілінің мұғалімі  Ербол Мүптеке.

Мектепке мүлдем қатысы жоқ кәсіпкерден көресіні көрдік деген ұстаздар дүкенді жабуды талап етіп, сотқа да шағымданған екен. Тіпті осы мәселені айтып, облыс әкіміне дейін барған.

«Облыс әкімі бұл сауда –саттық жасайтын жер емес деп аудан әкіміне тапсырма берді. Үш күнде шара қолданып, мектептен шығарасыз  деген деді»,-деді мектеп директорының орынбасары Бибігүл Сейсебаева.

Бірақ аудан басшылары бұл тапсырманы орындаудың орнына ұстаздардың басына әңгіртаяқ ойнатқан.

«Батталовқа дейін бардық.  Кейін мені әкім орынбасары Бибаев Айдос шақыртып , ұжымыңызға ие болыңыз  тыныш отырсын деді. Егер қолыңыздан келмесе, орныңызды босатып өтінішпен шығып кетіңіз деді»,-дейді  мектеп директоры  Шарафат Орынбаев.

Ал директор атын атаған шенеуніктерді жұмыс орнынан таба алмадық. Түрлі сылтау айтып, жан-жаққа кеткен. Дауға себепкер болған кәсіпкермен де көзбе-көз мүмкін болмады. Тілшілер келетінін естіген ол дүкенді жауып кетіпті. Телефон арқылы тілдескенде, тіпті дүрсе қоя берді.

«Ашсам маған рұқсат берген. Қолымда келісім  бар. Оны әкімнен барып сұраңыз. Мен ұрланып  кіріп алған жоқпын ол жаққа. Мен саған кішкентай баламын ба, ойыншықпын ба ?»,-деп дауыс көтерді кәсіпкер.

Бизнесін білім ошағында дөңгелеткен кәсіпкердің әрекетінен бүкіл аудан басшылары хабардар екен. Бірақ оны жауып тастауға әзірге ешқайсысы дәрменсіз.

Тіпті облыс әкімі мектептегі сауда-саттықты тоқтату туралы аудан басшыларына тапсырма берген. Оның өзі әзірге орындалмай отыр. Сондықтан қырық адам бір жақ қыңыр адам бір жақ болып қырық пышақ болған мектепгі алауыздыққа енді кімнің нүкте қояры белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті (фото)

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Роналду Мадейра әуежайында өзінің “үрейді ұшыратын” ескерткішін ашты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар