Алматы облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні басып кетті
Алматы облысында мас күйінде жаяу жүргіншіні басып кеткен көлік жүргізушісіне қатысты қылмсытық іс басталды деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қылмыстық іске күдікті болып отырған Scania жүк көлігінің 48 жастағы жүргізушісі. Жол апаты сәуірдің 8-інен 9-ына қараған түні Қарасай ауданы Елтай ауылына жақын маңда орналасқан ЖШС-терінің бірінің жабық аумағында болған.
“Медициналық тексеру актісіне сәйкес, жүк көлік жүргізушісі орташа деңгейде мас болған. Көлік астында қалған 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, күдікті жүргізуші аудандық полицияда түсініктеме беріп жатыр”, — дейді ІІД.
Жіберіп алмаңыз:
Министр мешітке аяқ киімін шешіп кіруге арланған ба (фото)
Көкшетау имамы өз еркімен мешітті тазалап, қарын күрейтін ер адамға велосипед сыйлады (фото)
Семейде неміс ұлтының өкілдері мешітке келіп өз еркімен Ислам дінін қабылдады (фото)
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"