Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мал сатуға шыққан ағайындылардың өліміне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты үшінші күдікті анықталды. Үңгіртас ауылының тұрғыны Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көрген. Жігіт, тіпті, әлі тірі жатқан азаматтардың біріне араша түспек те болыпты. Бірақ қорықтым деген желеумен кейін полицияға хабарламаған. Тәртіп сақшылары да оны сыбайлас ретінде ұстағанымен, кейін қолхатпен босатып жіберген, – деп хабарлайды КТК арнасы. 

3b9ad7b5-4b50-4c4d-b23d-df40020427b6

 

Үш ағайындының өліміне қатысы бар делінген үшінші күдікті Үңгіртас ауылынан. Елді мекен қылған екі күдіктінің ауылдарына жақын орналасқан. Ұрлықты мал біраз күндері осында ұсталып жүріпті. Және оның барлығын көрші-қолаң көрген. Олар ауылдастарының бұл қылмысқа қатысы барына еш таңқалмай отыр. Өйткені, Бақыт Байқасымов бұрын да істі болған екен.

Бақыт Байқасымовты о баста қамалған екі күдікті байқаусызда ұстап берген екен. Басында «тек екеу болдық» дегендер қастарында тағы танысының жүргенін айтып қалған. Үшінші күдікті қанды қылмыс болған кезде тауда мал бағып жүріпті.  “Өзінің малы емес ол, ол – шабан. Біреудің шабаны болып жұмыс істейтін. Ол табылған жұмысты істеді десек те болады. Оның үйі де жоқ, күйі де жоқ. жалғыз өзі әйтеуір күн көреді, – дейді Бақыт Байқасымовтың туысы Гүлжан Жұрманова.

Бұл – сол үшінші күдікті Байқасымовтың туыстары. Жеңгесінің өзі қайнысының кісі өліміне қатысы бар-жоғын білмеймін деп басын ала қашты. Есесіне көршілері жігіттің жүрісі жайлы айтып берді. Үш ағайындының өліміне қатысы бар делінген үшінші күдікті ауылда үнемі шаруасыз, әрі арақ ішіп жүріпті.   “Ауылда жүргенде арақ ішетінін көретінбіз. Көппен бірге, жалғыз өзі де іше береді”, – дейді Үңгіртас ауылының тұрғыны Орынкүл Батырханова.

Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көзбен көрген. Ол байқаусызда қылмыстың үстінен түсіпті. Жігіт, тіпті, әлі тірі жатқан Қаділбекке араша түспек те болған екен. Бірақ өзін де қоса атып жібере ме деп қорқып, қылмыс туралы жақ ашпаған. Полиция оны сыбайлас ретінде күдікке алғанымен, кейін қолхатпен жібере салған. Десе де, марқұмдардың туыстары оның да жазаға тартылуын сұрап отыр.

“Бақыт қылмыстың үстінен түскен. Мүмкіндігі бола тұра мәлімдеген жоқ. Сондықтан ол да сол қылмысқа қатысқан деп есептейміз. Бұл қылмыстың ішінде үш адаммен ақырласуы мүмкін емес. Оны ұйымдастырған басқа да адамдар болуы керек”, – дейді марқұмдардың туысы Еркін Бейсеке.  Күдіктілердің мәйіттерді осы ауыл арқылы алып өткендігі де күдік тудырады. Қазір тергеу аяқталған. Оларға қатысты сот осы қараша айында басталады деп күтілуде.


Жіберіп алмаңыз:

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Алматылық азамат Хэллоуин мерекесіне не үшін ұлттық киім кигенін түсіндірді

Илья Ильин Хэллоуин мерекесін Джокер стилінде атап өтті (фото)

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Талқылау