Алматы облысында көпбалалы отбасы моншада тұрып жатыр

Сейсенбі, 1 Наурыз , 2016 22:02

Алматыда жоқшылықтың тауқіметін тартқан жанұя әрең жан бағып жүр. Олар тұратын қуықтай ғана бұрынғы моншаның іші өте суық. Ал шиеттей 4 баласы бола тұра, ешқандай әлеуметтік көмек алмайды.

ампр

Бұл туралы “КТК” арнасы хабарлайды.

Отағасы мүгедек болса, келіншегі емізулі баласымен отыр. Екеуінің де тұрақты жұмысы жоқ. Мұқтаж жандар енді халықтан көмек сұрап отыр. Біреуге мал қайғы, енді біреуге жан қайғы. Ал бұл отбасы дені дұрыс баспанаға зәру. Арзан пәтер таппағандықтан азынап тұрған ескі моншаны 6 айдан паналап отыр. Оның өзіне айына 25 мың теңге төлеуі қажет. Алайда жоқшылықтан көз ашпаған жанұя 2 айдан бері бұл ақшаны да бере алмай келеді.

“Жұмыс істемейді күйеуім, мүгедек. Ешқай жер жұмысқа алмайды Міне, осы күніміз”, – деп көпбалалы ана Қарлығаш Қыдырмоллаева жылап отыр.

Бірақ күйеуі де кемтарлығы үшін жәрдемақыға қол жеткізе алмай жүр екен. Ал Қарлығаштың өзі емізулі нәрестемен отыр. Балаларының алды 7 жаста, ал кішісі небәрі 4 айлық. Қазір олар түзде де, үй деуге аузың бармайтын мына бөлмеде де күртеше киіп жүретін болған. Қалада тіркеуде болмағандықтан көп бала үшін де жәрдемақы алған емес. Ал құжаттарды реттеу тағы қаржыға тірелетіндіктен, оны бұл отбасының қалтасы көтермейді.

“Үлкен  үйде, өзіміздің бөлмеміз болса екен деймін”, – дейді Кәмила Жұмақан.

Көпбалалы отбасыға қол ұшын беріп жүрген жалғыз адам – Шолпан әжей. Бұлардың жұпыны тірлігіне жаны ашыған зейнеткер шамасы келгенше көмек беріп тұрады.

“Өте қиын. Бала емізіп отырған ана тек қана бір сумен отыру бұл үлкен қиямет. Ана жұмыс істей алмаса, ана баласын емізіп отырса, үйде отырса, балаларға қараса ол қай жерге барып жұмыс істеп, ақшасын таба алады?!” – дейді зейнеткер Шолпан Антаева.

Қазір бұл отбасындағы еңбекке қабілетті жалғыз жан Қарлығаштың өзі бірер сағатқа шығып, ауқаттылардың үй-ішін жуып келеді. Тек бұл тапқаны нан мен сүттен артылмайды. Сондықтан жуынатын жерді паналағандар қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Маган телф. номерин бериниздерш осында жазып жибериниздер https://vk.com/oralsyn

  • Жұмбақ жан says:

    Адресин жиберинизши

  • Жұмбақ жан says:

    Айчурекке кулшына комектескен изги жандар, одан да катты киналып отыр екен мына отбасы, озге елди жарылкаганша оз жыртыгымызды бутиндегенимиз дурыс болар, агайын

  • Жұмбақ жан says:

    адресын жыберыңыздершы

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар