Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қайта жөндеуден кейін Ескелді бидің кесенесі ашылды

Алматы облысы, Қаратал ауданында  Ескелді бидің кесенесі қалпына келтіріліп, қайта ашылды.

Ескелді Би Жылгелдіұлы (1695-1770) өз заманының биі, шешені, командирі, Жалайыр руының басшысы, Төле бидің немересі болған.

Ескелді би Алматы облысындағы Іле мен Қаратал өзенінің ортасында орналасқан ауылда дүниеге келген.
Жалайырдың ұрпағынан тараған Сиыршы руынан шыққан. Ол жоңғар шапқыншылығында Тұрлыбет Бекенұлы, Жайнақ, Татыбай мерген, Малтабар, Құлжан батырлардың басын біріктіріп, батырлығын көрсеткен еді. Кейін жалайыр әскеріне қолбасшылық етіп, Анырақай, Аягөз, Таскескен, Балдырған, Қызкұлаған, Жолбарыс жерлеріндегі шайқаста қазақ жерін жаудан азат етіп алған.

Ескелді би Абылай ханның ұрыста ғана емес, өмірде де адал одақтасы болған. Тіпті, Ескелді би қалмақ ханы Галдан-Цэренмен келіссөз жүргізіп, татуластықтың нышаны ретінде хан өз қызын берген екен.  Бірақ Ескелді би “Тек есуас қана ата-бабадан қалған дәстүрді бұзады” деп қалмақ ханының сұлу қызын Абылай ханға береді.

Ескелді бидің көптеген қанатты сөздерін Бақтыбая Жолбарысұлы, Сара Тастанбекқызының айтуларында кездеседі. 1929 жылға дейін Алматы облысы, Талғар ауданы Ескелді бидің атында болған. Тек 2000 жылы ҚР Президентінің бұйрығымен ауданға бұрынғы аты қайтарылды.

Тарихи ескерткішті қайта қалпына келтіру батырдың жетінші ұрпағы, академик Еділ Ерғожинның идеясы.

Ескелді бидің кесенесі қасиетті болып саналады. Тіпті бұл жерде қажылық етушілер көп келеді. Негізі кесені батырдың 300 жылдығына орай 1992 жылы тұрғызылған. Уақыт өте ескерткіштің өңі кеткен болатын.

Талқылау