Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дәрігерлер 3 айлық сәбидің дертін таба алмай отыр

Алматы облысында 3 айлық сәби белгісіз дертпен ауырып жатыр. Алайда анасы  нәрестенің дәрігерлердің салғырттығынан ауру жұқтырғанын айтады.

Альмира Оспанова сәбиінің туғанда сау болғанын алға тартты. Ертесі күні беті мен денесіне бөртпелер қаптап кеткен. Оны спиртпен сүрткен дәрігерлер ауруды одан сайын асқындыра түскен, деп хабарлайды 31 арна.

Беті суланған жара жарылып, орны ауырған сайын сәбиі шырылдап жылайды. Киім тисе де жараны ауыртатын көрінеді. Ыстыққа жарасы одан сайын көбейіп кететін болған соң, сәбиін салқында ұстапты. Салқын температурадан нәрестенің өкпесіне суық тиіп, анасымен бірге Талдықорғандағы ауруханаға жатқызылды.

«Сәбидің денесіндегі жара әлі де көбейіп жатыр. Эксфолиативный дерматит деген диагноз қойылды. Әлі де тексерілуі керек», – дейді Алматы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары Ляззат Сламекова.

Диагнозы нақтыланбаған сәбиді ауруханадан шығарады. Анасы сәбиіне үйде күтім жасайды. Баласын қайда апарып қаратарын білмей дал. Қолында қаражаты жоқ ана көпшіліктен көмек сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау