Алматы облысында бірнеше рет банкомат терминалдары тоналған
Полицейлер Алматы облысында 10 шақты рет банкомат терминалдарынан ақша ұрланғаны жайлы анықтады. Мәлімет бойынша 2,5 миллион көлемінде зиян келтірілген.

Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің Facebook парақшасында хабарланды
“Алматыдан шыға сала, Талдықорған және Ескелді аудандарында банкомат тонауға қатысы бар деген 35 жастағы азамат ұсталды. Мәлімет бойынша 2,5 миллион көлемінде зиян келтірілген. Банкомат тонау ісі Талдықорғанда, Ескелді, Еңбекшіқазақ аудандарында орын алғаны белгілі болды. Қарашаның соңына қарай осыған ұқсас үш қылмысқа жауапты екі талдықорғандық азамат ұсталған болатын. Еңбекшіқазақ ауданында банкоматтан 130 мың теңге көлемінде ақша тонаған деген күдікпен үш азамат ұсталды”, – деп хабарлайды Алматы облысының ІІБ өкілі, полиция майоры Көбейхан Нұрахмет.
Осы қылмыстық іске байланысты жүріп жатқан тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді