Алматы облысында бір отбасының мүшелері түгелдей жоғалып кетті
Алматы облысында ер адам өз отбасының мүшелерін іздеп жатыр.
Ер адам әйелі мен екі баласына іздеу салды. Олар 24 шілде күні жоғалған.
Ерлі-зайыпты отбасымен Тұздыбастау ауылында тұрады. Ер адамның айтуынша, әйелі мен екі баласы үйінен шығып, қайта оралмаған.
Күйеуінің айтуынша, әйелі өз туыстарының үйіне бармапты. Бала-шағасы жоғалған күні күйеуі жұмыста болған.
Ер адам Талғар қаласындағы АІІБ-нен көмек сұрап, арыз жазды. Арыз жазушы әйелімен арада жанжал болмағанын, жақсы тұрғанын айтты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
Сөзінше, ер адам біреудің баласын азаптау арқылы өз бетінше жазалаған

"Ішінде тоңазытқыш, массаж орындығы, караоке бар": Қазақстандық автобустан үй жасап, қалаларды аралап жүр
Автобустың ішінде тоңазытқыш, төсек, караоке, синтезатор, шкаф - керек-жарақтың бәрі бар.