Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бес жасар қыз анасының соққысынан кейін көз жұмды

Қызды өлімші етіп сабаған деп оның анасы күдікке ілінуде. Бұл туралы Алматы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.9443951

Қызына қол жұмсаған анасы бес жасар қызының өліміне кінәлі атануы мүмкін. Мәлімет бойынша, қыздың өлімі Іле ауданында тіркелген. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары ҚР ҚК 106 бабының 3 тармағы бойынша (Адам денсаулығына әдейі зиян келтіру) жүргізіліп жатыр. Басты күдікті ретінде қыздың анасы аталуда.

“Дәрігерлер қыздың денесінен ұрғаннан қалған іздерді анықтады. Өлімнің нақты себебі сол екенін, экспертиза жұмыстары анықтайтын болады. Сіріңкемен ойнап жалдап отырған үйін жағып жібере жаздаған өзінің бес жасар қызын ұрғанын, әйел мойындап отыр”, – делінген хабарламада.

Тексеру жұмыстары кезінде күдікті әйел кепілмен босатылды. Тергеу жұмыстары мен экспертиза аяқталғаннан кейін сот шешімі шығатын болады.

Талқылау