Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мас әйел полицейлердің бетін тырнап, погонын жұлып тастады

Алматы облысында ішімдікке мас болған әйел адам мен тәртіп сақшылары арасында жанжал болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Араққа әбден мас болған әйел Үштөбе қаласындағы қонақүйлердің бірінде полицейлермен төбелескен. Енді оның үстінен “билік өкіліне күш қолданғаны” үшін қылмыстық іс қозғалмақ.

Қонақүйлердің бірінде жанжал шықты деген полиция дереу оқиға орынына келген. Ол жерде тәртіп сақшылары мас күйдегі ер және әйел адамды ұстайды. Ашулы 26 жастағы әйел тәртіп сақшыларына ұмтылып, оның пагонын жұлып, бетін тырнап алған. Қазір жанжал шығарушылар Қаратал аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуде отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда табылған тастанды сәби бөбектер үйіне өткізіледі

Тараздағы көпқабатты үй тұрғындары пәтерінде су кешіп жүр

Қазақ жерінде тағы бір полигон ашылады

Алматыдан Кореяға жезөкшелер алып бара жатқандар әуежайда ұсталды

Талқылау