Алматы облысында әйел адамды зорлап өлтірді деген күдікпен шопан ұсталды
Алматы облыстық полицейлері әйел адамды зорлап өлтірді деген күдікпен шопанды ұстады.

Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қазан күні Матыбұлақ ауылына жақын маңда 43 жастағы әйелдің денесі табылды. Мәйіттен зорлық белгілері анықталды. Шаруа қожалығындағы жұмысшылар әйелдің бірге тұрып жатқан азаматпен жанжалдасып қалғанын айтты. Ер адам кейін ізін жасырып, белгісіз жаққа кетіп қалған.
Полицейлер екі күн іздеп бұрын сотталған ер адамды елді-мекенсіз жапан даладан тапты. Ол бұрын әр түрлі қылмысы үшін сотталған. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі