Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында арыққа құлап кеткен екі қыздың бірі көз жұмды

Алматы облысында қыз бала суарма арыққа батып, көз жұмды

2433265

Қайғылы оқиға дүйсенбі 17 шілдеде, Жамбыл ауданындағы Еспе ауылында болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Он жасар екі қыз ойнап жүріп, Еспе ауылының шетіндегі малға арналған арыққа түсіп кетеді. Жергілікті тұрғындар қыздардың бірін құтқарып алған, ал екіншісі батып кетті.

“Құтқарылған қыз аудандық аурухана дәрігерлерінің қарауында. Кеше хәл-жағдайы аса ауыр болатын”, — деп хабарлады Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, шомылу кезеңі басталғалы бері Алматы облысындағы өзен-көлдерде 72 төтенше жайт тіркелген.

Тағы да оқыңыз:

Дауыл кезінде үйдің шатыры басып қалған 80 жастағы соғыс ардагері хәл үстінде жатыр

12 жастағы Жәнелге бүйрегін берген ер адам өзін алдап кеткенін мәлімдеді

Қазақстандық компания креслодан бас тартып жұмысты тұрып істеуде (фото)

Талқылау