Алматы облысында 85 мұғалімді аудандық бас ұстаз «білімсіз қарақалпақтар» деп кемсіткен

Сәрсенбі, 9 Тамыз , 2017 12:33

Алматы облысы, Қайназар мектебіндегі 85 мұғалім Жамбыл ауданының білім бөлімі басшысын сотқа беруге бекініп отыр. Әбден тыныштығы кеткен оқытушылар бас ұстаздың «білімі жоқ, қарақалпақтар» деп кемсіткен сөзіне заң алдында жауап беруін талап етуде,-деп жазды «Еуразия» бірінші арнасындағы жаңалықтар қызметі.

ұстаздар

. Тозығы жеткен білім ордасында шыдап келген мұғалімдер «бар рақметі осы ма» деп ашулы. Оның үстіне, бүгін мектепке ата-аналар да жиналыпты.

Бүгін Қайназар мектебінің кезектен тыс линейкасына оқушылар емес, олардың ата-аналары да жиналды. Бастарына бантик таққан қыздарды емес, мұнда бастарына орамал таққан аналарды көресіз. Барлығының талабы бір. Аудандағы бас ұстаздың «қарақалпақтар» деген сөзіне жауап алу.

Сапта тұрған ата-аналар тағы «балаларымызды ескі мектепке кіргізбейміз» деп ұрандатып тұр. Өйткені, тозығы жеткен білім ордасына жіберуге қорқады. Осы уақытқа дейін үйренген ұстаздары үшін еріксіз оқытып келген. Енді, «оралман» мәртебесі болғаны үшін  жаңа мектепке өтпей жатқанын есітіп ызаланып отыр.

Оралмандар үшін деп неге айтады. Оралманның баласын оқытпаса кімді оқытып жатыр. Оралман дегені үшін жауап берсін. Біз Қазақстанға Назарбаев шақырған үшін келдік. Неге көкірегімізден итереді?

Барлық дау Қайназар ауылына жаңа мектептің салынып, ескісінің сүрілмеуінен басталған еді. Ескі мектеппен қоса, мұғалімдер де ескіріп қалдық деп ашынған болатын. Ал, білім бөлімінің басшысы су жаңа білім ордасына жаңа директор тағайындап, мына ұжымды «қарақалпақтар» деп кемсітіп, білім санаттары жаңа мектепке сай келмейді депті.

«Бізге үлгі болады деген Ләйләш Бакирова сол қарақалпақтар сауатсыз деген сөзіне жауап берсін. Кешірім сұрасын. Кешірім сұрамаса, сотқа береміз» – мұғалім Бибісара Орынбаева.

Ауылдағы алты мың тұрғынның тең жартысы Өзбекстаннан ата жұртқа оралғандар. Сондықтан да, барлығы  намысымыз тапталды дейді. Тіпті, осы уақытқа дейін бір сөйлемеген директордың өзінің өкпесі қара қазандай.

«Қатты маған ар-ожданыма тиіп отырғаны, мені білімсіз,ол мектепті басқара алмайды. Барлығын құртады деген. Не деген  сөз ол «құртады» деген.Осы сөзге қандай жауап іздерімді таппай отырмын мен бүгін. Нені құртқан екенмін мен? Нені бұзған екенмін?» – мектеп директоры Тұйғынай Көшенова.

Ал, білім бөлімінің басшысы өз сөзін жоққа шығармады. Ауданда жеті жылдан бері бас ұстаз болғандықтан, қол астымдағы әрбір мұғалімнің өз деңгейін білемін деп кесіп айтты.  85 мұғалімнің сегізі ғана жоғары санатты, қалғандары 1-2 тіпті, мүлдем санаты жоғы көп дейді. Сөзінше, намысы тапталатындай еш дүние айтпапты.

«Кешірім сұрау, айту деген мәселе тұрса, мен өзім ұстаздарыма жолығуға, олармен сөйлесуге, бір артық айтқан дүние десе кешірім сұрауға мен ешқашан қашпаймын.

Бірақ, мен бұл жерде біреуді кемсіту деген мақсат қойған жоқпын. Біз не мақсатпен басшыны тағайындадық, неліктен деген сұраққа ,қандай маған сұрақ қойды сол кісілерге солай ойлаймын мен әділетті түрде жауап бердім деп» – дейді Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы Ләйләш Бәкірова.

Бір аптадан бері елді дүрліктірген даумен Жамбыл ауданының әкімі хабардар. Тек әкімнің әмірі нүкте қоя алмай жатыр. Қазір ауыл басшылары арасында сайлау науқаны басталғандықтан, бар істі білім бөлімінің өзіне тапсырған. Бірақ, жаңа мектепке ескі ұжым оқушыларымен баруды еш армандамасын деп ашық айтты. Халықтың тұрғылықты тұратын жері бойынша әр мектепке бөліп тастайды екен. Ал, бас ұстазының сөздері кеңестік комиссияда басты тақырып болып талқыланатынына сөз берді.

«Егер мұғалімдер балағаттады, жеке басымызға тиетін нәрсе айтты десе, арнайы комиссия айналысады. Бірақ мен айтты деп ойламаймын» – Жамбыл ауданының әкімі Абзал Нұрпейісов.

85 мұғалім білім бөлімі тарапынан кешірім сұралмаса жаңа оқу жылында сабаққа емес, сотқа сабылатын боламыз дейді.  Өйткені, кемсітудің де өз шегі бар деп отыр. Егер аудан әкімдігінен қолдау таппаса, облыстан көмек сұрамақ.

Оқи отырыңыз:

Ресейлік турист Қазақстанның қонақжайлығын жоққа шығарды (видео)

Неміс жігіт костюмі мен ноутбугын арқалап күн сайын жұмысқа дейін жүзіп барады (видео)

Қостанайда есірткі мафиясын әйел адам басқарған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар