Алматы облысында 7 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші жазасыз қалды
Баланың туыстары бұл істің сотқа жетпей жабылғанына ашынды. Қарасай аудандық ішкі істер басқармасы апат куәгерлерін шақырып мән-жайды анықтамады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
7 жасар Бақдәулетті тамызда Қонаев көшесінде көлік қағып кетті.
Тергеу қорытындысы бойынша, джипті тізгіндеген азаматтың жылдамдықты асырмағаны жазылған. Бірақ бейнежазбада көліктің қатты жылдамдықпен келе жатқаны көрінетінін айтып күйінді баланың туыстары.
“Тауық соқса да сұрауы бар ғой. Судың да сұрауы бар. Не сұмдық? Бір рет сотқа шақырмай ма? Бізді неге шақырмайды? Заң қайда? Біз заңға сендік. Кінәлі кісі, Тойчиев Фарух алдымызға келген де жоқ. Жауапқа тартып берсін”, – дейді Бақдәулеттің атасы Дәлелхан Ерлан.
Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі К. Нұрахметтің айтуынша, жүргізушінің әрекетінде қылмыс болмағандықтан істі тоқтату туралы қорытындығы келген.
Қазіргі уақытта бұл шешімнің заңдылығын тексерту үшін қылмыстық іс прокуратураға жолданды.
“Әділдік іздейміз жарығым. Барлығыңыздың бала-шағаңыз бар ғой. Көмектесіңіздер. Тергеуші де , жауап берсін, қалай істі жапты жан-жақпен таныстырмай, сұрамай, білмей”, – дейді Бақдәулеттің әжесі Нағашыгүл Далыбаева.
Қайғыдан қан жұтқан отбасы қазаға кінәлі жазасыз қалмауын қалайды. Бала өлімі орын ала тұра қылмыстық әрекет жоқ деп жабылған іс қайта жанданбаса, айыпты кінә арқаламаса жанайқайларын бас прокуратураға дейін жеткіземіз деп бекініп отыр.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған баспана тұрғындары жылусыз отыр

Жапониядағы қазақ дәстүрі: Сырға салудың видеосы желідегілерді таңқалдырды
