Алматы облысында 63 жастағы ер адам баласын өлтірді деп айыпталуда
Алматы облысында 63 жастағы ер адам ұлын өлтірді деп күдіктелуде. Ер адамды өлі күйінде ауылдасы тауып алды, деп жазады Stan.kz.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйек күні ер адамның мәйіті табылды. Ер адамның арқасында пышақ ізі болған. Оны үйінің жанынан ауылдасы тауып алды.
Тексеру кезінде әкесі мен баласының ішімдік ішіп, кейін жанжалдасқаны белгілі болды. Дау соңы төбелеске ұласқан. Әкесі баласын арқасынан пышақтаған деп күдіктелуде.
Қазір тергеу жүріп жатыр. 63 жастағы күдікті Еңбекшіқазақ ауданының АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған