Алматы облысында 26 жастағы шопан кісі қолынан қаза болды
Алматы облысында 26 жастағы шопанның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 желтоқсан күні шалғайдағы фермалардың бірінің маңайынан пышақталған ер адамның мәйіті табылды.
Шаруа қожалығының иесі мәйітті танып, ол малшы болып жұмыс істегенін растады.
Бірнеше сағаттың ішінде полицейлер кінәліні анықтады, ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
“Күдікті жасырынған жоқ, ауыл учаскелік инспекторына өзі берілді. Ұсталған азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол шопанмен бірге ішімдік ішкенін, араларында жанжал шығып, оны өлтіргенін мойындады”, — деп хабарлады облыстық полиция.
ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тағы оқыңыз:
Тамара Дүйсенова ереуілдеткен шахтерлерге неге бармағанын айтты
Көпқабатты үйдің ауласынан 17 жастағы алматылықтың мәйіті табылды
Талқылау

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
Бұл оқиға Анардың өмірін 180 градусқа өзгертіп жіберді

"Түнде жылап көмек сұрады, таңертең қазасы туралы естідік": Қарағандыда 28 жастағы келіншектің отбасы оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді
Әсел: “Жездем қылқындырып өлтіріп қойып, өзіне жаба салды ма деп күдіктенеміз”