Алматы облысында 22 жастағы азамат жоғалды
Алматы облысында 22 жастағы Ерік Қырғызбай деген азамат жоғалды. Талғар қаласының тұрғыны 8 шілде күні Алматыдан Талғар қаласына қарай шыққан. Бірақ, үйіне оралмаған.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Оның туыстарының айтуынша, 8 шілде күні 20 сағат 45 минутта Еріктің Toyota Camry маркалы автокөлігі Алматы қаласынан Талғар қаласына шыға берісте бейнебақылау камерасына түскен.
Кейін, Алматыдан 250 шақырым жерде, Кеген асуында сол автокөлік табылды. Бірақ, ішінде жүргізушісі болмаған.
Қазіргі таңда полиция қызметінің арнайы іздестіру тобы, сондай-ақ, 80 волонтер Ерік Қырғызбайды іздестіріп жатыр. Олар Алматының айналасын 60 шақырымға дейін қарап шықты. Әзірге нәтиже жоқ.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін