Алматы облысында 16 жастағы қыз кейуананы аяусыз ұрып-соқты деп күдіктелуде (видео)

Алматы облысында 16 жастағы қыз егде жастағы әйелді ұрып тастады деп күдіктілеп отыр. Оқиға туралы кейуананың қызы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысында 16 жастағы қыз кейуананы аяусыз ұрып-соқты деп күдіктелуде

Ұлмекен есімді әйелдің сөзінше, кәмелет жасқа толмаған қыз 70 жастағы анасын аяусыз ұрып-соққан. Оқиға 21 қыркүйекте Іле ауданында орын алған екен.

«Анам кешкі сағат 17:00 шамасында аулаға шыққан. Осы кезде бір қыздың қоршаудан біздің ауламызға сиырларын кіргізіп жатқанын көріпті. Анам оған таяп келіп: «Не істеп жүрсің? Өзгенің бақшасына өз сиырларыңды кіргізуге ұялмайсың ба?» – деген», – деп жазады Ұлмекен есімді желі қолданушысы Instagram желісінде.

Өз кезегінде кәмелетке толмаған қыз не істейтінін өзі білетінін айтқан. Артынша 70 жастағы кейуананы ұрып-соға бастапты.

«Анам сиырлар байлаулы тұрған арқанды алмақ болғанда, ол қыз анамды итеріп жіберген. Анам құлап қалған кезде, қыз оның үстіне отырып алып, ұра бастаған. Оң қолындағы саусағын сыртқа қайырып, сындырып жіберген. Сүйегі терісін тесіп, сыртына шығып кеткен. Қан кетіп жатты. Мұнан кейін ол анамды шашынан сүйреп, басын таспен ұрғылаған. Аузынан аяғымен теуіп, тістерін сындырды. Кеудесінен, арқасынан тепкілеген. Қансырап жатқан анам шок жағдайында болып, есінен танып қалған. Біраз уақыттан кейін ол есін жиған. Қыз әлі де ұруын тоқтатпапты», – дейді әйел.

Ұлмекеннің сөзінше, абырой болғанда, көршілері кейуананың соққыға жығылғанын көріп, қызды ажыратып алған. Ол балағат сөздер айтып, қашып кетіпті.

«Жедел жәрдем анамды ауруханаға алып кетті. Миы шайқалғанын, сүйегі сынғанын айтты», – дейді ол.

Әйелдің айтуынша, анасын соққыға жыққан қыз 16 жаста. Ол Шамалған стансасындағы мектепте оқиды екен.

Сонымен қатар ол түрлі жарақат алған анасының видеосын жариялады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости Казахстана и мира! 🌍📺 (@kazakh_inform)

Өз кезегінде Алматы облыстық ІІД-дегілер тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізімдемесінде тіркелді. Факті бойынша ҚР ҚК 107-бабына (Денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің тұлғасы анықталды. Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар