Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы метросында ұялы байланыс қызметі қашан қосылады

Алматы тұрғындары метрода телефонмен байланысқа шығып, ғаламторға кіре алады. Алматы метрополитені 2018 жылдың екінші жартыжылдығында GSM-стандартты іске қосады.

Бұл туралы Алматы метрополитенінің баспасөз хатшысы Игорь Сахар айтып берді, деп хабарлады BNews.kz.

Қазіргі таңда GSM-жиілігін тарататын құрылғы тестілеуден өтіп жатыр.

“Алматы метросында GSM-стандартты 2018 жылдың екінші жартысында іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз”, – дейді Игорь Сахар.

Бұдан өзге, Игорь Сахар 2020 жылға дейін екі бірдей метро стансасының іске қосылатынын атап өтті. Олар – «Достық» және «Сарыарқа».

Еске сала кетейік, 2011 жылдың 1 желтоқсанында жалпы аумағы 8,6 км болатын метрополитен іске қосылды.

Жіберіп алмаңыз:

Ауғанстанда қаза болған қазақстандық азамат Отанына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды

Таиланд жағажайларында темекі шеккен қазақстандықтар 3 мың доллар айыппұл төлейді

Қысқы олимпиадаға баратын спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлінді

Өскеменде студенттер өздеріне ыңғайлы мобильді қосымша ойлап тапты

Талқылау