Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 350 теңгеге жетті

Алматы мен Астана қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы АҚШ доллары үшін 350-ге дейін өсті.

20160726112938

Бұл деректерді kurs.kz және valuta.kz сайттары келтірген.

KASE таңертеңгі сессиясында доллар 3,98 теңгеге көтеріліп, 347,86 теңгені құрады.

Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен
(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 347,86 теңгені (+3,98 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 31 300 мың АҚШ долларын (-81 400 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 52,0825 теңгені құрады, ал сауда-саттық көлемі – 400 мың юань болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Талқылау