Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында ер адамды пойыз қағып кетті

Алматы маңындағы Байсерке стансасында ер адамды пойыз қағып кетті.

20170718172340

ҚР Көліктегі ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адам темір жол рельстерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан.

Сол кезде «Семей-Қызылорда» пойызының машинисі шұғыл тежегішті басса да, ер адамды қағып кеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК 344-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді.

Көліктегі ІІД басшысының баспасөз хатшысы Қасымжанова Ләззаттың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар көбіне адамдардың рұқсат етілмеген жерден өтуінен болады.

Жыл басынан бері Қазақстан бойынша пойыз рельстерінің астына 57 адам түскен. Олардың көпшілігі қаза болды. Оның ішінде 5 бала жарақат алса, 2-еуі көз жұмды.

Ал 15 мың адам  рұқсат етілмеген жерден өткені үшін жауапкершілікке тартылды.

«Биыл жыл басынан бері пойыздар 761 рет шұғыл тоқтаған. Оның 358-і адамдардың кесірінен болса, 304 жағдайда темір жол рельстеріне мал шығып кеткен. Сондай-ақ, 8 рет темір жолдан кедергі келтірілетін заттар алынып тасталды», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз:

Қырғыстанның экс-презиендті Ақаевтың қазақстандық күйеубаласы 20 жылға сотталды

Шымкенттік суретшінің сурет салуына Димаштың таланты әсер еткен

Алматыда атышулы теракт жасаған лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Талқылау