Алматы қаласында пәтер бағасы миллион теңгеге арзандаған
Жыл басынан бері Алматы қаласындағы пәтерлердің бағасы миллион теңгеге арзандаған екен.

Бұл туралы Крыша басылымы жазды.
Мамандардың айтуынша, наурыз айында Алматы қаласындағы пәтерлердің бағасы күрт арзандап кеткен. Мұндай жағдай соңғы рет 2016 жылдың қазан айында болған екен. Аналитик мамандардың ақпаратына сенсек, шаршы метр орташа бағамен 342 400 теңгеге сатылған.
40 шаршы метрден құралатын бір бөлмелі пәтердің бағасы қаңтар айына қарағанда, 700 мың теңгеге арзандаған. Қазір оның құны – 13,7 миллон теңге. Дәл мұндай жағдай Ақтау (-9,3℅), Орал (-3,1℅) қалаларында орын алып отыр.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”