Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қалалық ІІД: Ұрлық пен алаяқтық кәсіпке айналды

Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ғазиз Нұрқаев қасақана жасалған қылмыс үшін заңды күшейтуді ұсынды.

Алматы қаласының ІІД: Ұрлық пен алаяқтық кәсіпке айналды

Ғазиз Нұрқаев бұл туралы Алматыда өткен қоғамдық тыңдаулар барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі bnews.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрқаев атап өткендей, бүгінгі күні Қазақстанда ұрлық және алаяқтық кәсіпке айналды.

«Мен қасақана жасалған қылмыс үшін заңнаманы қатаңдату қажет деп ойлаймын. Бұл әсіресе, бірнеше рет ұрлық жасағандарға қатысты. Ескі заңнамада екі немесе одан да көп қылмыс жасағандарды кәнігі баукеспе ұры деп танитын бөлім болатын. Өкінішке орай, жаңа заңнамада ондай жоқ. Шындығында, кейбір ұрлықтар мен алаяқтықты кәсіпке айналды деп айтуға болады»,-дейді Ғазиз Нұрқаев.

Ол сондай-ақ, Алматы қалалық ІІД-нің неліктен автокөлік нарығын тексермейтінін айтып өтті. Нұрқаевтың айтуынша, белгілі бір базарды тексеру үшін күдіктінің куәлігі қажет.

«Базарға барып, ол жерді тексеру немесе дәлелдемелер табу үшін сатылған тауар, яғни ұрланған зат туралы күдіктінің нақты куәлігі болуы қажет. Ал, ашылған қылмыстар мен ұсталған адамдар осы фактілерді растайтын заттық дәлел. Егер құқық бұзушының ұрланған затты белгілі бір базарға сатқаны жайлы дәлелі жоқ болса, онда біздің сауда үйін тексеріп баруға еш құқығымыз жоқ», – деді Алматы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.

Айта кетейік, Денис Теннің қазасынан кейін полицияның жұмысы Алматының қоғамдық кеңесінде қаралды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау