Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі терактіде қаза тапқан Аян Ғалиевтің отбасына пәтер кілтін табыс етті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан 18 шілде күнгі атыста ерлікпен қаза тапқан Аян Ғалиевтің отбасына екі бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

1414

Сурет almaty.gov.kz

Пәтер Алатау ауданындағы “Саялы” ықшам ауданында орналасқан. Сондай-ақ, отбасыға жаңа баспананың жөндеу және орналастыру жұмыстарына да көмек көрсетілмек.

20160722153517

“Бұл мемлекет басшысының жеке тапсырмасы. Мен оның атынан кілт тапсырудамын. Сіздің ұлыңыз нағыз ерлік қадамға барды, ол көптеген адамның өмірін құтқарып қалған батыр. Оның артында балалары қалды, біз енді оларға барлық мүмкіндік бойынша көмектесеміз. Бір ай ішінде жаңа баспанаға қажетті жөндеуді жасап, тезірек көшіру үшін атсалысамыз. Бекем болыңыздар!”, деді әкім.

20160722153513

Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алматыда болған атыс кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері, шекара қызметкері және отставкадағы полция подполковнигі қаза тапқан. Тағы бір полицей ауруханада көз жұмды. Шабуылды жасаған күдікті 1990 жылы туған Руслан Күлекбаев тұтқында отыр. Ол бұрын да қарақшылық және адам тонаумен айналысып сотты болған.

Аян Ғалиевпен қатар атыс кезінде полиция капитаны Бауыржан Нұрмұханбетов және кіші сержант Мақсат Сәлімбаев қаза тапты. Кейінірек аурухана төсегінде полиция лейтенанты Тимур Бегасылов қайтыс болды.

Алматы әкімдігі қаза тапқандардың отбасына 15 млн теңгеден бөлмек. Ал бүкіл Қазақстан бойынша әріптестері бір күндік еңбекақыларын аударуда.

Ал ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

42 жастағы Аян Ғалиев және Ғани Нұримановпен қоштасу рәсімі 20 шілде күні өтті.

Талқылау